АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы бұл елдің оқшаулануына себеп болады
Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ-дағы АҚШ-тың бұрынғы өкілі Джон Болтонның өз елі Президентінің ядролық мәселеге қатысты келісімнен шығуы туралы жобасына білдірген реакцияда: «Бұл жобаны іске асыру АҚШ-ты сәтсіздікке ұшыратып, бұл елдің халықаралық деңгейде оқшаулануына себеп болады»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні кешке: «Болтон 10 жылға Иранның уран байытуын тоқтату саясатын ұстанып, Ирандағы центрифугалар санының екі жүзден жиырма мыңға жетуіне себеп болды. Негізінде Болтон саясатының арқасында Иранда он оғыз мың сегіз жүз центрифуга іске қосылды. АҚШ халқы Болтон мен соған ұқсас адамдардың саясаттарының сәтсіздікке ұшырағанынан хабардар. Сондықтан, бұл ұсыныстарды тыңдайтын адам жоқ. Халықаралық қоғам да америкалықтарға аталмыш саясаттарды ұстанудың тек АҚШ-тың оқшаулануына жеткізетінін көрсетті»,- деді.