Қытай - Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтардың жеңімпазы
https://itolqyn.com/news/iran-i30373-Қытай_Орталық_Азиядағы_аймақтық_ынтымақтастықтардың_жеңімпазы
Түркіменстан Парламенті Өзбекстан және Қазақстан елдерінің әрқайсымен жеке екі стратегиялық ынтымақтастық жобасын бекітті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 30, 2017 15:28 Asia/Almaty
  •  Қытай - Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтардың жеңімпазы

Түркіменстан Парламенті Өзбекстан және Қазақстан елдерінің әрқайсымен жеке екі стратегиялық ынтымақтастық жобасын бекітті.

Түркіменстан Парламентінің бұл шешімі Түркіменстан мен көршілес елдер арасындағы екіжақты  екі келісімді бекіту саласында жасалған қадам болды. Бұдан бұрын 2017-ші жылдың сәуір және мамыр айларында Түркіменстан Қазақстан және Өзбекстанның әрқайсымен жеке-жеке ынтымақтастық келісімдеріне қол қойған болатын.
Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстан елдері арасында қол қойылған стратегиялық ынтымақтастыққа қатысты келісімдер экономика, сауда, тарнспорт, ауылшаруашылық, энергетика салаларын алға ілгерілету, сонымен бірге есірткі және лаңкестікпен күресті көздейді. Бұл келісімде Түркіменстан мен Қазақстан ортақ шекаралар туралы келісімге келді. Осыған орай Түркіменстан Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердің арасында осы саладағы қайшылықтарын толық шешкен бірінші мемлекет деген ой туады. Орталық Азиядағы соңғы өзгерістер мен аймақ мемлекеттерінің мәселелерді шешіп, бірнеше жақты келісімге қол қою талпыныстарының артуы Қытайдың «Жібек жолы» жобасының оң әсерін көрсетеді. «Жібек жолы» жобасы тарихи "Жібек жолын" жаңғыртып,   оны 21 ғасырға сай инфрақұрылымдармен жабдықтап, сол аймақтағы  Қытай экономикасының әсерін кеңейтіп, бұл елді аймақ пен әлемдік нарықтарға жеткізеді. Сондай-ақ, бұл жоба Орталық Азия аймағындағы кең ауқымды экономикалық ынтымақтастықтарды қарастырады. Мысал ретінде Орталық Азиядан Қытайға энергетика тасымалдау жобасына тоқталуға болады.
Бұл мақсаттарға жету үшін азиялық елдер қырғи-қабақ соғыс және бұрынғы Кеңес одағының билігі кезінен қалған қайшылықтарын қойып, екі жақты және бірнеше жақты ынтымақтастықтарға жетуі қажет. Экономикалық ынтымақтастықтар арқылы Орталық Азия елдері арасындағы  интгерацияға жету,  шекаралық қайшылықтарды шешу мен саяси ынтымақтастық Жібек жолы жобасының сәтті іске асырылуының шарттарының қатарына жатады.
Зерттеуші Татьяна Калпакова: «Қытайдың мақсаты - аймақ мемлекеттерінің ортақ және көпжақты пайдасымен бірге экономикасын дамыту. Мұндай жағдай Қытайдың ұзақ уақыт бойы тұрақты дамуына көмектеседі»,- деді.
Қорыта айтқанда, «Орталық Азиядағы бірнеше жақты ынтымақтастық пен «Жібек жолы» жобасының дамуы бір-бірінің нығаюына себеп болады. «Жібек жолы» жобасы алға ілгерілеген сайын Орталық Азияға  тигізетін пайдасы да артып, аймақтың ынтымақтастықтары дамып, Қытай өзінің діттеген мақсаттарына жетеді. Нәтижесінде Орталық Азия елдерінің аталмыш жоба мен дүниежүзінің екінші экономикасымен ынтымақтастық жасауынан көбірек пайда көруге талпынатындықтары табиғи мәселе.