Лариджани Дейр эз-Зор қаласы қоршауының бұзылуына байланысты құттықтады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы өз жолдауында Сирия армиясы мен қорғаныс күштерінің Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор қаласының үш жылдан артық уақытқа созылған қоршауын бұзғаны үшін сириялықтарды құттықтап, бұл жеңістің хақ күштерінің күпірлікті жеңуі туралы уәденің орындалуының белгісі екенін қуаттады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы жолдауында Сирия армиясы мен қорғаныс күштерінің Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор қаласының үш жылдан астам уақытқа созылған қоршауын бұзғаны үшін сириялықтарды құттықтап, бұл жеңістің хақ күштерінің күпірлікті жеңетіндігі туралы уәдесінің орындалуының белгісі екенін қуаттап: «Сирия армиясы мен қорғаныс күштерінің Дейр эз-Зор қаласының қоршауын бұзуы қуанышқа себеп болды. Бұл жеңіске аймақтағы ДАИШ тобының ыдырауымен қол жетті. Дейр эз-Зор қаласы аймақтағы ДАИШ тобының орталығы болып, бұл тұрғыдан аймақтың халқына көптеген қиындық тудырды»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф те Ливанның «Әл-Майадин» арнасына берген сұхбатында Дейр эз-Зор қоршауының үш жылдан кейін лаңкестердің қолынан азат етілуімен Сирия халқын құттықтап, жеңісті лаңкестік пен экстремизге қарсы маңызды жеңіс деп атады.
Сейсенбі күні Сирия армиясы мен қорғаныс күштері Дейр эз-Зордың батысындағы 137 мекенге кіріп, үш жылдан астам уақытқа созылған қоршауды бұзды.