Иран Таяу Шығыс пен Корей түбегі мен Азияның қауіпсіздігін қалайды
ИИР-ның Президенті Рухани Азия құрлығындағы, әсіресе Корей түбегі мен Таяу Шығыс аймағындағы қауіпсіздіктің Иран үшін өте маңызды екенін мәлімдеді.
Хасан Рухани Министрлер кабинетінің отырысында қазіргі заманғы қарым-қатынаста қоқан-лоққы жасау тәсілінің жойылуы қажеттігін баса айтып: "Ядролық қаруларға қол жеткізген елдерге қоқан лоққы жасау – бүкіл әлем үшін өте қауіпті ойын. Сондықтан қиындықтарды келіссөздер мен диалогтар арқылы шешу керек",-деді.
Рухани Мьянмадағы мұсылмандардың қырғынына тоқталып: "Мьянма үкіметі мұсылмандарға қарсы жабайы қылмыстардың алдын алуы керек. Сондай-ақ, көршілес елдер мен БҰҰ осы тұрғыдағы өз міндеттерін орындасын",-деп баса айтты.
ИИР-ның Президенті қазіргі заманда геноцидке жүгінуді қабылдауға келмейтінін айтып: "Мьянма халқы мен әлемдегі басқа мұсылмандардың арасында айырмашылық жоқ. Иран революцияшыл мұсылман ел ретінде әлемдегі мазлұм халықтардың алдында, тіпті мұсылман болмаса да, жауапкершілікті сезеді",-деп баса айтты.
Рухани ислам әлеміндегі қиындықтардың келіссөздер мен диалогтар арқылы шешілуі қажеттігін айтып: "Бүгінде Йемен өз қиындықтарын шешу үшін бірігуді қажет етеді. Йемендік топтар мен тайпалардың арасына жік салып, бұл елді бомбалауға болмайды»,-деді.