Иран лаңкестікпен күресте көршілес елдердің қасынан табылады
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Ливанның «Al-Mayadeen» телеарнасына берген сұхбатында аймақтағы елдердің барлығының лаңкестік түйткіліне ұшырап отырғанына тоқталып: «Иран мазхабтық ұстанымдарға қарамастан, аймақ елдерін қолдайды»,-деді.
Иранның көршілес елдермен лаңкестікпен күресте әріптестік жасауға дайындығын қуаттауы жай сөз емес. Иран іс жүзінде де лаңкестікпен күресте шынайы әріптестік жасайтынын дәлелдеді. Сирия мен Иракта тәкфирлік лаңкестікпен күрес майданында үсті-үстіне жеңіске жету шынайы әріптестік пен тілеулестік арқылы аймаққа қауіпсіздік пен тұрақтылықты қайтаруға болатынын көрсетті.
Алеппоны, Дейр эз-Зор, Мосул мен Талль-Афарды азат ету – ДАИШ-тың Ирак пен Сирияда толық жеңілетіндігіне үміттендіретін үлкен қадамдар. Бұл жетістіктер АҚШ-тың ДАИШ-пен күресінің нәтижесі емес, ДАИШ пен оның демеушілеріне қарсылық танытқан мұсылман халықтық күштер мен армияның ауызбіршілігі мен табандылығының арқасында орын алды.
Америкалық сарапшы, экономист Джеффри Сакс бір жыл бұрын «Project Syndicate» сайтында жариялаған мақаласында: «ДАИШ-ты жеңу қиын емес, өйткені бұл топта көп күш жоқ. Бірақ қиындық мынада: АҚШ пен оның одақтастары ДАИШ-ты өздерінің негізгі жауы санамайды. АҚШ Президенті Барак Обама 2014 жылдың қыркүйек айында ДАИШ-ты толығымен жоюға уәде еткенімен, АҚШ пен оның одақтастары, соның ішінде Сауд Арабиясы, Түркия мен Израиль Сирияда Башар Асад үкіметін құлатудан басқа мақсатты көздемейді»,-деп жазған болатын.
Сионистік режимнің бір зерттеу орталығының жуырдағы зерттеулерінің нәтижесі саудиялықтардың ваххабизм мен салафизмді әлемге таратуды Мұхаммад бен Салманның билігі кезінде одан ары жалғастыруды көздеп отырғанын көрсетті.
«BEGIN & SADAT» орталығы өзінің жуырдағы зерттеуінде: «Мұхаммад бен Салман Сауд Арабиясының салафизмді нығайтуға бағытталған арнайы бағдарламасын тоқтатады деген болжам дұрыс болмады»,-деп жазды.
Осы зерттеуде айтылғандай, Сауд әулеті бірнеше жылдан бері тұрақтылық пен қауіпсіздікті бұзу үшін Ауғанстан мен Иракта, Сирияда, тіпті Еуропада лаңкестік жарылыстар жасаудың жоспарын дайындаған.
Мұнымен қатар, куәлер көрсеткендей, Дональд Трамп үкіметі мен АҚШ-та исламға қарсы әсірешіл идеяларды таратумен айналысатын ұйымдар Сауд Арабиясы қолдайтын лаңкестердің оларға жақтаса әрекет етуін көздейді. АҚШ-тың осындай әрекеттегі мақсаты аймақтың геосаясатын өзгертіп, «қырғи қабақ» соғысынан кейін басталған АҚШ-тың үстемдігін таңу жобасын жалғастыру болып отыр. Бұл мақсат лаңкестікпен шынайы түрде күресуді қиындыққа ұшыратып, жолынан тайдырды. Осы тұрғыдан бүгінде аймақтың жағдайы ғана емес, халықаралық талаптардың да әріптестіктердің басты бағдары терроризм мен экстремизмді тамырымен жою болуы керектігін көрсетіп отыр. Иран Сыртқы істер министрі Зарифтің «Al-Mayadeen» телеарнасына берген сұхбатында айтқандай, ИИР исламдық бірлікті қалыптастыру жолында ауыр құн төлегенімен, осы жолды әлі жалғастырып келеді.