Иран Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығын жалғастыруын қуаттады
(last modified Mon, 21 Mar 2016 12:01:49 GMT )
Нау 21, 2016 18:01 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығын жалғастыруын қуаттады

Иран Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Иран халқына қарсы дұшпандығын жалғастыруын қуаттап: «Ислам республикасы өз ұстанымы мен негізінен бас тартпайды»,- деді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жексенбі күні қасиетті Мешхед қаласындағы әлем шиіттерінің сегізінші имамы хазірет Әли бен Мұса әр-Реза (ғ.с.)-ның кесенесіне жиналған ондаған мың халықтың алдында сөйлеген сөзінде: «АҚШ Ислам республикасын аймақтың езгіге түскен халықтарына, әсіресе Палестина, Газа, Йемен мен Бахрейн халықтарына көмектесуі мен саяси қолдау көрсетуінен бас тартқыздырғысы келеді. АҚШ басқарған үстемшіл жүйе Сирия, Ирак пен Палестина дағдарыстарына шырмалып, соған Иранды кінәлі санайды»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи аймақтың кейбір мемлекеттері мен үкіметтерінің сионистік режимді қабылдағандарына тоқталып: «Олар ИИР-на да бұл режимді қабылдатқылары келеді. АҚШ тіпті Иранды қорғаныс мүмкіндіктерінен де бас тартқыздыруды көздеуде»,- деді.

Аятолла Хаменеи АҚШ-тың Иранның зымырандық сынақтары мен әскери жаттығуларын сынауы туралы: «АҚШ өзінен бірнеше мың шақырым қашықтықта орналасқан Парсы шығанағында аймақтың мемлекеттерінің бірімен жаттығу өткізеді»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-пен келісу немесе әрқашан АҚШ-тан қысым көріп, қиындықтарға төзімділік таныту деген жолайрық туралы: «Қарсыласу экономикасына сай әрекет жасап, іске асыру арқылы алға ілгерілуге болады. Иранның жастары майданға шығып, өздеріне сенімді болса, АҚШ пен одан да зорының елімізге еш нәрсе жасай алмайтынын білуі керек»,- деп қуаттады.

Тегтер