Генерал-майор Рахим Сафави: Иракты бөлу – дұшпандардың қастандығы
Бүкіл Қарулы күштердің бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі Ирак пен Сирияда лаңкестер жеңіліс тапқан соң аймақта жаңа қастандықтың жоспарланып жатқанына тоқталып, дұшпандардың Ирак пен Сирияны бөлшектеуді көздеп отырғанын айтты.
Генерал-майор сейіт Яхия Рахим Сафави бейсенбі күні Иранның батысындағы Санандадж қаласында Ирактың Күрдістан аймағында осы жерді Ирактан бөліп алуға бағытталған қозғалыстарға тоқталып: «Ирактың бөлінуі осы елдің халқы үшін соғыс пен бейберекеттіктен басқа ештеңе бермейді»,-деді.
Бүкіл Қарулы күштердің бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі ИИР, Сирия, Түркия мен Ирактың орталық үкіметінің Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі туралы референдумның өткізілуіне қарсы екенін айтып: «Осы бөлінуден зиян шегетін алғашқы тарап – Ирактың Күрдістан аймағының халқы.
Дұшпандардың мақсаты – аймақ елдерін ұсақ бөліктерге бөлу. Осылайша олар аталмыш жерлерде әрдайым үстемдік етуді көздейді»,-деді.