Ислам Ынтымақтастық Ұйымының мүшелері Мьянма үкіметіне қысым жасау тұрғысында ортақ пікірге ие
ИИР-ның Президенті Рухани: "Ислам Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің басшылары Ракхайндегі босқындарға көмектің қажеттігі мен Мьянма үкіметінің мұсылмандардың геноцидін тоқтатуға қысым көрсету бойынша ортақ пікір ұстанады",- деп баса айтты.
ИИР-ның Президенті Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының Астанадағы ғылым мен технология және инновация саласындағы саммиті мен Мьянмадағы мұсылмандардың жағдайын қарастыруды мақсат еткен арнайы отырыс аяқталған соң жексенбі күні Теһранға оралды.
Хасан Рухани Теһранда тілшілерге берген сұхбатта Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының Мьянма үкіметіне мұсылмандарды өлтіруіне қарсы қысым жасауды қуаттағанын айтып, өзінің Ресей, Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан мен Өзбекстан басшыларымен екіжақты кездесуінде ислам әлемінің мазлұм рохинья мұсылмандарының жағдайына шынайы көңіл аудару қажеттігін баса айтқанын мәлімдеді.
ИИР-ның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф та жексенбі күні: "Халықаралық қауымдастықтың рохинья мұсылмандары геноцидінің баршаның көз алдында жалғасуына рұқсат беруін ешбір ақтауға келмейді» деген болатын.