Қытайлар Иранға 35 млрд доллар инвестиция салады
Иранның Орталық банкінің басшысы Валиулла Сейф: «Қытайдың банк саласындағы басшыларымен болған әртүрлі кеңестер мен отырыстардан кейін бұл ел осы уақытқа дейін Иранның экономикасына шамамен 35 млрд доллар қаражат бөлетін болды.
Осындай көлемдегі жеңілдік пен қаражат Иранның экономикалық кеңістігінің оң әрі жарқын болашағын көрсетіп, Иран мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға қатысты ерік-жігерді білдіреді»,-деді.
Валиулла Сейф Иран Орталық банкінің жұма күні Бейжіңде Қытай даму банкімен 15 млрд доллар көлемінде инвестиция салу жөніндегі меморандумына тоқталып: «Бұл меморандумға осы банк басшысымен өтетін кездесуде қол қойылып, қорытындыланды»,-деді.
Иранның Орталық банкінің басшысы жақын арада осы меморандум негізінде басты әрі жалпы келісімдер дайындалып, сол бойынша ортақ жобалардың әрқайсысының орындалу кезеңіне жететіндігіне үміт білдірді.