Америкалықтар «Ортақ қадамның» негізін бұзды
(last modified Mon, 18 Sep 2017 08:37:34 GMT )
Қыр 18, 2017 14:37 Asia/Almaty
  • Америкалықтар «Ортақ қадамның» негізін бұзды

Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани АҚШ өкілдер Палатасының қаулысының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзғанын айтып: «Иран «Ортақ қадам» бағдарламасының рухына сай әрекет етпейді деп уәж айтатын АҚШ-тың басшыларының өздері «Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының негізін бұзды",-деді.

Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Иранның солтүстік-батысында орналасқан Батыс Әзірбайжан провинциясының әкімшілік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың «Ортақ қадам» бағдарламасын бұзуын ол елдің пайдасына шешілмейтінін ескертіп: «Егер АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзса, онда Иран тез арада «Ортақ қадамға» дейінгі ядролық жағдайынан күшті кезеңге қайта оралады»,-деді.

Ол батыстықтардың «Иран шиіттік Жарты Ай құруды мақсат етуде» деген кейбір сөздерді қабылдамай: «Иран императорлық немесе Жарты Ай құруды көздемейді, Мьянмадағы мұсылмандардың мәселесі мен ХАМАС-қа көмек көрсетуге талпыныс жасауы бұл айыптауларды теріске шығарады.

ИИР-ның сындарлы қатынасы мен халықаралық және әлемдік деңгейдегі жақсы жетістіктері Иранның мәртебесін көтерді»,-деді.