Қытай мен Иран – халықаралық оқиғаларда ықпалға ие маңызды елдер
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі Али Акбар Велаяти Теһран мен Бейжің байланыстарын стратегиялық деп атап: «Қытай мен Иран – халықаралық оқиғаларда ықпалға ие маңызды елдер. Иран екі жақты байланыстарды кеңейтуді құптайды» деді.
Али Акбар Велаяти Теһранда Таяу Шығыс зерттеу орталығының басшысы New Jin Chun-мен кездесуінде: «Халықаралық саясаттардың салмағы біртіндеп Азия жаққа ауа бастады. Қытай шығыста, Иран Азияның батысында құрлықтық және халықаралық оқиғалардағы өте маңызды елдер болып отыр» деді.
Велаяти Таяу Шығыс стратегиялық зерттеулер институтының екі елдің халықаралық және аймақтық байланыстарын дамытудағы рөлін маңызды деп бағалап, екі елдің екі жақты салалардағы байланыстары мен аймақтық және халықаралық серіктестіктерін дамыту үшін негіз әзірленгенін мәлімдеді.
Таяу Шығыс зерттеу орталығының басшысы New Jin Chun де кездесуде ирандық ұйымдар және зерттеушілермен байланыстар мен серіктестіктердің кеңеюіне ризашылық білдіріп: «Екі елдің зерттеу орталықтары байланыстарды тереңдетіп, кеңейтуге үлес қоса алады» деді.