Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуына қатысты Иранның таңдау жолдары
https://itolqyn.com/news/iran-i30985
ИИР Президенті Хасан Рухани АҚШ-тың NBC телеарнасына берген сұхбатында: «Егер АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықса, жаңа жағдай қалыптасады. Иран өз таңдау жолына ие болуға құқылы»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 21, 2017 17:17 Asia/Almaty
  • Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуына қатысты Иранның таңдау жолдары

ИИР Президенті Хасан Рухани АҚШ-тың NBC телеарнасына берген сұхбатында: «Егер АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықса, жаңа жағдай қалыптасады. Иран өз таңдау жолына ие болуға құқылы»,-деді.

ИИР Президенті Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бірінші болып бұзбайтынын, алайда ядролық келісім бұзылған жағдайда қол қусырып қарап отырмайтынын, әртүрлі таңдау жолдарына ие екенін бірнеше рет қуаттаған болатын. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қандай да бір нұқсан келтірілген жағдайда ядролық жұмыстарда өткенге қайтып оралу Иранның ең бірінші әрі жылдам атқаратын шарасы болады. АҚШ Президенті Дональд Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығатын болса,  Ирандағы центрифугалар ядролық келісімге дейінгі жағдайдағыдай жұмыс істей бастайды.

АҚШ-тың бұрынғы үкіметтерінің саясаттары Ирандағы центрифугалардың санын 200 құрылғыдан 20 мың құрылғыға жеткізді. Бүгін осы жағдайды қайталап, бүкіл центрифугаларды қайта іске қосу Иран үшін қиын іс емес. Тәжірибе көрсеткендей,  Иран өз таңдау жолдарында жағдайға сәйкес шешім қабылдайды. Иран халқы 40 жылға жуық уақыт бойы АҚШ саясаткерлерінің айқай-шуы мен бос сөздеріне мойынұсынбайтынын, олардың қоқан-лоққыларының қармағына түспейтінін дәлелдеді.  Трамптың сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында айтқан шектен тыс сөздері басқалардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты шешім қабылдауына негіз болмайды, тек Трамптың халықаралық заңдар мен хаттамалардан жеткілікті хабары жоқтығы мен басқалардың, соның ішінде сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың қитұрқы ықпалына түскенін көрсетеді. АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы немесе Иранға қарсы шектеулерді сақтап, оны өзгерту үшін қайта келіссөздер өткізу – Нетаньяхудың талабы. Бұл түс ешқашан шындыққа айналмайды.

Дональд Трамптың БҰҰ Бас ассамблеясында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты эмоционалды сипаттағы жауапсыз сөздерінен кейін Франция Президенті Эммануэль Макрон АҚШ-тың CNN телеарнасына берген сұхбатында Иранның ядролық келісімін бұзудың салдарлары жайлы ескертіп: «АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуы үлкен қателік болады»,-деді.

Қазір әлемдегі жағдай өзгерді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін Еуропаның әртүрлі елдері Иранмен әріптестік жасауға ынталы. Осындай жағдайда АҚШ-тың біржақты түрде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу шешімі бұл елдің өзіне ғана зарар тигізіп қоймай, қоғамдық пікір пен әлемдік қауымдастық алдында оның оқшаулануына соқтырады. Басқаша айтқанда, бұл АҚШ үшін жеңіліс болады. Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты Иранға қарсы қоқан-лоққысымен бір мезгілде «Каркус» британдық компаниясы Иранның Энергетика министрлігімен  Иранда 600 МВт-тық күн электр стансасын салу туралы келісімге қол қою жайлы келіссөз өткізіп жатыр.  Бұл жағдай Трамптың уәждеріне керісінше «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының еуропалық елдер, Ресей мен Қытай тарапынан расталғанын және олардың АҚШ-пен ядролық келісімді қайта қарастыруды немесе одан шығуды жақтамайтынын көрсетеді.