Иранның аймаққа қатысты ұстанымы мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын барлық мемлекеттер қолдайды
ИИР Президенті Рухани: «БҰҰ-ның биылғы сессиясы Иранның аймаққа қатысты ұстанымы мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және Иран мен әлемнің экономикалық қарым-қатынастарын алға ілгерілету саласындағы іс-әрекеттерін барлық мемлекеттердің қолдайтынын көрсетті»,- деді.
ИРНА-ның мәліметіне сәйкес, Хасан Рухани бейсенбі күні Нью-Йорктен оралғаннан кейін "Меһрабад" әуежайында журналистердің алдында БҰҰ Бас ассамблеясының 72-ші сессиясы аясындағы өзінің әлемнің кейбір елдерінің басшыларымен кездесуіне тоқталып: «Кездесулерде еуропалық басшылар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру қажеттілігін, сондай-ақ бұл келісімнің кейінге қайтпайтыны мен келіссөздерді қайта өткізуді қажет етпейтінін қуаттады»,- деді.
Рухани АҚШ Президенті Дональд Трамп пен сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудың Иранға қарсы сөздерінің бағыттас болуына назар аудартып: «Басқа мемлекеттердің, әсіресе еуропалық елдердің ақпарат құралдары мен басшылары Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы сөзі мен ұстанымына қарсылық білдірді»,- деді.