Ресей "Ортақ қадам" бағдарламасын қайта қарастыруға қарсылық білдірді
https://itolqyn.com/news/iran-i31049
Ресейдің Сыртқы істер министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта қарастырып, зерттеуге қарсылық білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 23, 2017 20:58 Asia/Almaty
  • Ресей

Ресейдің Сыртқы істер министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қайта қарастырып, зерттеуге қарсылық білдірді.

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров  Нью-Йоркте осы елдің "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасын қолдауына қатысты ұстанымдарын қуаттап: "Мәскеу "Ортақ қадамды" қайта қарастыруға қарсы. Қытай, Германия, Франция, Ұлыбритания да мұндай әрекеттерге қарсы.

Егер АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығып, екі жыл бұрынғы осы келісім аясында жойылған Иранға қарсы біржақты санкцияларын қайта енгізетін болса, Вашингтонның бұл әрекеті Солтүстік Корея үшін қате жолдау болады",-деді.

Иран мен «алтылық» елдері тобының ядролық келісімі 2016 жылдың қаңтар айында жүзеге асырыла бастады. Алайда АҚШ үкіметі аталмыш топтың бір мүшесі ретінде әрдайым "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзып келеді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп әрдайым "Ортақ қадам" бағдарламасының басқа тараптарының ұстанымдарына қарсы халықаралық келісімді бұзғысы келеді.