БҰҰ-да Иран жақсы бейнеде таныстырылды
https://itolqyn.com/news/iran-i31109
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы ИИР президентінің Нью-Йорк сапары мен БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатысуымен Иранның аймақ пен әлемдегі саясаттарынан жақсы бейне ұсынылғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 25, 2017 16:58 Asia/Almaty
  • БҰҰ-да Иран жақсы бейнеде  таныстырылды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы ИИР президентінің Нью-Йорк сапары мен БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатысуымен Иранның аймақ пен әлемдегі саясаттарынан жақсы бейне ұсынылғанын мәлімдеді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми ұлттық және шетелдік тілшілермен өткізген баспасөз отырысында «Иран Сыртқы Істер Министрі Зариф Нью-Йоркте өзінің кеңесулерін жалғастыруда. Кешеге дейін Нью-Йоркте 42-ден астам келіссөз бен отырыс өткізіп, баспасөзге сұхбат берді. Бұл үдеріс алдағы күндері де жалғасады» деді.  

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Америка президентінің Иранға қарсы саясаттары мен сөздері туралы да пікір білдіріп: «Американың саясаттары соны оқиға емес. Бұл сөздер Американың билік басшыларының болмысын оқтын-оқтын әртүрлі қалыпта көрсетеді» деді.

Ғасеми Америка үкіметінің ирандық азаматтардың Америкаға енуіне тыйым салған жаңа саясаттары туралы айтып, оны Америка президенті тарапынан жалғасып отырған адамшылыққа жат әрі қисынсыз  іс деп атады.

Ғасеми Ирактың Күрдістан аймағында референдумның өткізілуіне де тоқталып: «Бұл шара беймезгіл уақытта, Ирак үкіметі ДАИШ лаңкестік тобымен күресте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген кезде және аумалы-төкпелі жағдайда қисынсыз түрде жүзеге асырылуда» деді.