Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Аба Абдулла Хусейнді (ғ.с.) аза тұту рәсімінің алғашқы түні өтті
Теһрандағы имам Хомейни кесенесінде Ислам революциясының жетекшісі, елдің жауапты тұлғалары мен мыңдаған адамның қатысуымен хазірет Аба Абдулла Хусейнді (ғ.с.) аза тұту рәсімінің алғашқы түні өтті.
Бұл рәсімде сейіт ходжат ул-ислам уал-муслимин Ахмад Хатами сөз сөйлеп, дінді қорғап, сол жолда жанын пида етуді шәһидтер басшысының көтерілісіндегі ең маңызды тағылымдардың бірі деп атап: «Имам Хусейн өзінің тарихи қозғалысын қырағылықпен ойластырып бастады. Ол істің ақырының не болатынын әрі Алланың жолында шәһид болатынын біле тұра, өзінің мақсатын Құран мен пайғамбар сүннетінің басқаруы деп атап, жан сақтау сылтауымен Алланың дінін қорғауда салғырттық танытуға болмайтынын айтқан»,-деді.
Бұл рәсімде, сондай-ақ, мадақтаушылар шәһидтердің басшысы мен оның перзенттерінің көрген қиындықтары мен тауқыметтерін баяндап, жоқтау айтты.