Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен Тасуа кешінің аза рәсімдері өтті
(last modified Sat, 30 Sep 2017 10:58:28 GMT )
Қыр 30, 2017 16:58 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен Тасуа кешінің аза рәсімдері өтті

Тасуа кешінің аза рәсімдері имам Хомейни атындағы діни мекенде Иран Ислам революциясының жетекшісі мен елдің басшылары және Исламның ұлық пайғамбары әулетінің мыңдаған жақтасының қатысуымен өтті.

Рәсімде худжат ул-ислам Рафии исламдық соғыстардағы рухани егемендікті ең маңызды ерекшелік деп атап, Алла елшісінің сахабалары мен имам Хусейн (ғ.с.)-ның серіктерінің соғыс кезінде де дұға тілеп, намаз оқығандарына, соғыстарда Алланы естен шығармағандары мен олардың жиһадты дүниелік мәселелерден жоғары санағанына тоқталып: «Алланың жолындағы жиһад – жәннат есіктерінің бірі. Жиһадқа шыққандар жеңсе де, жеңілсе де Құран Кәрім бойынша илаһи сыйға ие болады»,- деді.

Бұл рәсімде сондай-ақ Исламның ұлық пайғамбарының әулетін  мадақтаушылар имам Хусейн (ғ.с.) мен «Бани Хашим әулетінің айы» деп танымал болған имамның бауыры Абул Фазл Аббасды мадақтап, өлең айтты.

Бүгін, сенбі хиджри қамаридің 1439-шы жылының мұхаррам айының тоғызы – Тасуа күні.