Хазірет Абу Абдулла әл-Хосейнді аза тұту рәсімі – "Шаме ғарибан" ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен өтті
Шәһидтердің жетекшісі хазірет Або Абдулла әл-Хосейнді (ғ.с) аза тұту рәсімі "Шаме ғарибан" Ислам революциясының жетекшісі, қоғамның түрлі табының мыңдаған адамы мен бір топ жауапты тұлғаның қатысуымен Теһрандағы имам Хомейни атындағы хосеиниеде өткізілді.
Рәсімде ходжат ул-ислам уал-муслемин Панаһиан Ашура көтерілісі мен хазірет имам Мәһди (ғ.с)-дің келуінің ортақ жолдауларына тоқталып, кертартпалық пен батысшылдықты қоғамда күтілетін ой-өрістің кеңеюі жолындағы ең маңызды кедергілер деп атап:
"Күтуші адам әлемдік деңгейдегі жауапкершілікпен әлемдегі қазіргі қатыгез жағдайға қарсылық білдіріп, бар сүйіспеншілігімен белсенді күтуші ретінде имамның келуіне қолайлы алғышарттар әзірлеу үшін талпыныс жасап, әрекет етуі тиіс",- деді.
Бұл рәсімде сондай-ақ мадақшылар хазірет сейіт аш-шоһадо имам Хусейн (ғ.с) мен Аһле бейттің (ғ.с) бастарына түскен тауқіметтері мен қасіреттері туралы жоқтау айтты.