Иран мен Түркия Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдум бойынша ортақ ұстанымға ие
ИИР Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы генерал Бағери: "Теһран мен Анкара Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі туралы өткен референдум бойынша ортақ әрі бірдей ұстанымға ие",-деді.
Генерал Бағери дүйсенбі күні Түркия армиясы ортақ штабының қолбасшысы Хулуси Акармен өткізген ортақ баспасөз конференциясында Теһран мен Анкараның Ирактың біртұтастығы мен Күрдістан аймағының Ирактан бөлініп шығуы жөніндегі референдумды қабылдамайтындықтарын баса айтты. Генерал Бағери Ирак қарулы күштері мен Сирия әскерінің, сондай-ақ оның одақтастарының әскери алаңдардағы тәкфіршіл-лаңкестік топтармен күрестегі жетістіктеріне тоқталып: "Аймақта лаңкестікпен қарсыласу мен ортақ шекаралардың қауіпсіздігі жөнінде тиісті шешімдер қабылданды",-деді.
Иран Қарулы күштері бас штабының төрағасы Иран мен Түркия Қарулы күштерінің және исламдық елдердің Мьянма халықтарына көмек көрсетудегі ынтымақтастықтары мен осындай оқиғалардың алдын алу жолындағы талпыныстарды Түркия армиясы ортақ штабының төрағасымен сөйлескен басқа да тақырыптардың қатарында атады.
Түркия Армиясы ортақ штабының қолбасшысы Хулуси Акар да Иран мен Түркияның лаңкестікпен күрес және ортақ шекараларда қауіпсіздік орнату үшін қорғаныс пен әскери салаларда ынтымақтастықтарын арттыру қажеттігін қуаттады.