Иран мен Түркия арасында серіктестік саласында төрт меморандумға қол қойылды
https://itolqyn.com/news/iran-i31369-Иран_мен_Түркия_арасында_серіктестік_саласында_төрт_меморандумға_қол_қойылды
ИИР мен Түркия өздерінің қарым-қатынастарының деңгейін тереңдету үшін Теһранда төрт серіктестік меморандумына қол қойды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 04, 2017 20:10 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркия арасында серіктестік саласында төрт меморандумға қол қойылды

ИИР мен Түркия өздерінің қарым-қатынастарының деңгейін тереңдету үшін Теһранда төрт серіктестік меморандумына қол қойды.

Төрт серіктестік меморандумына сәрсенбі күні елдің жоғары деңгейлі басшыларының, яғни Иран Ислам республикасының президенті Хасан Рухани мен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған қатысқан шарада қол қойылды.

Теһран-Анкара байланыстарының деңгейін тереңдету бағытында қол қойылған меморандумдардың қатарын Иранның Экономика істері және Қаржы министрлігі мен Түркияның Кеден және Сауда министрлігі арасындағы кедендік серіктестік меморандумы, ИИР-ның Орталық банкі мен Түркия республикасының Орталық банкі арасындағы меморандум, Иранның Құжат ұйымы мен Ұлттық кітапханасы және Түркияның премьер-министрлік үкіметтік мұрағатының Бас кеңсесі арасындағы меморандум, ИИР Телерадио ұйымы мен Түркия республикасының Мемлекеттік Телерадио ұйымы арасындағы меморандумдар құрады.

Реджеп Тайып Ердоған елінің жоғары деңгейлі делегациясын бастап, бүгін сәрсенбі күні ИИР-ның басшыларымен сұхбаттасу үшін Теһранға келді.