Рухани: Иран мен Түркия – аймақтағы тұрақтылықтың тұғыры
ИИР Президенті Иран мен Түркияны аймақтағы дос әрі мықты елдер деп атап: "Иран мен Түркия өте шиеленісті Таяу Шығыс аймағында тұрақтылықтың тұғыры болып отыр",-деді.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Теһранда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен өткізген ортақ баспасөз конференциясында: "Екі елдің түпкі мақсаты – аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату",-деп мәлімдеді.
ИИР Президенті, сондай-ақ, Сирия дағдарысы мен Ирак Күрдістаны басшыларының осы елден бөлінуге бағытталған заңсыз әрекетіне тоқталып: "Иран мен Түркия аймақтың географиялық шекараларындағы ешбір өзгерісті қабылдамайды",-деді.
Рухани Иран мен Түркияның аймақтағы бөлінуді талап ету, тайпалық және мазхабтық қайшылықтарды бөгделердің талпыныстарының нәтижесі деп атап: "Екі елдің көзқарасы тұрғысынан Ирак пен Сирия біртұтас болып қала беруі тиіс",-деп қуаттады.
Түркия Президенті де осы баспасөз конференциясында Иран мен Түркияның Ирактың Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумына қатысты ортақ ұстанымға ие екенін айтып: "Иран мен Түркия бұл рефендумды заңсыз деп санайды",-деді.