Рухани: Иран мен Түркия – аймақтағы тұрақтылықтың тұғыры
https://itolqyn.com/news/iran-i31385-Рухани_Иран_мен_Түркия_аймақтағы_тұрақтылықтың_тұғыры
ИИР Президенті Иран мен Түркияны аймақтағы дос әрі мықты елдер деп атап: "Иран мен Түркия өте шиеленісті Таяу Шығыс аймағында тұрақтылықтың тұғыры болып отыр",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 05, 2017 15:15 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран мен Түркия – аймақтағы тұрақтылықтың тұғыры

ИИР Президенті Иран мен Түркияны аймақтағы дос әрі мықты елдер деп атап: "Иран мен Түркия өте шиеленісті Таяу Шығыс аймағында тұрақтылықтың тұғыры болып отыр",-деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Теһранда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен өткізген ортақ баспасөз конференциясында: "Екі елдің түпкі мақсаты – аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату",-деп мәлімдеді. 

ИИР Президенті, сондай-ақ, Сирия дағдарысы мен Ирак Күрдістаны басшыларының осы елден бөлінуге бағытталған заңсыз әрекетіне тоқталып: "Иран мен Түркия аймақтың географиялық шекараларындағы ешбір өзгерісті қабылдамайды",-деді.

Рухани Иран мен Түркияның аймақтағы бөлінуді талап ету, тайпалық және мазхабтық қайшылықтарды бөгделердің талпыныстарының нәтижесі деп атап: "Екі елдің көзқарасы тұрғысынан Ирак пен Сирия біртұтас болып қала беруі тиіс",-деп қуаттады.

Түркия Президенті де осы баспасөз конференциясында Иран мен Түркияның Ирактың Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумына қатысты ортақ ұстанымға ие екенін айтып: "Иран мен Түркия  бұл рефендумды заңсыз деп санайды",-деді.