Иран Ішкі істер министрінің орынбасары Ирактың Сыртқы істер министрімен кездесті
Иран Ішкі істер министрінің орынбасары Бағдадта Ирактың Сыртқы істер министрімен кездесіп, сұхбаттасты.
Иран Ішкі істер министрінің Қауіпсіздік және тәртіп сақтау жөніндегі орынбасары Мұхаммад Хусейн Зульфақари Ирак Сыртқы істер министрі Ибраһим әл-Джафаримен кездесуінде соңғы өзгерістер, екіжақты ынтымақтастықтар, соның ішінде биылғы имам Хосейннің (ғ.с) қырқы – "арбағин" рәсімін өткізу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайлы сұхбаттасып, пікір алмасты. Сондай-ақ, ДАИШ тәкфирлік тобымен күресуде жуырдағы өзгерістер мен Ирактың Күрдістан аймағындағы өткен референдумның салдары Иран Ішкі істер министрінің орынбасары мен Ирак Сыртқы істер министрі арасындағы кеңестің негізгі тақырыптарының қатарын құрады. Иранның Ішкі істер министрінің орынбасары Ирактың Сыртқы істер министрімен кездесуден кейін ИРНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Иран Ирак үкіметі мен оның территориялық тұтастығын толығымен қолдап, осы жолда өз күшін аямай көмектеседі",- деді.