Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының имамы: "Ирактың Күрдістан аймағының басшылары Ирактың Орталық үкіметі мен көршілес елдердің кеңестерін назарға алмай, бұл аймақтың Ирактан бөлінуі туралы референдум өткізу арқылы опасыздық жасады.
Аятолла Ахмад Хатами осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында әлемнің барлық елдерінің Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі туралы референдумды ресми түрде мойындамағанын айтып: "Иран, Ирак және Түркияның ынтымақтастығы мен бірігуі Ирактың Күрдістан аймағының референдум өткізудегі астыртын әрекетімен шынайы әрі әсерлі түрде күресу үшін тиімді жол саналады",- деді.
Теһран жұма намазының имамы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы лаңкестік шабуыл мен адамдары өлтіру әрекеттерін айыптап: "Иран әлемнің кез-келген жеріндегі күнәсіз адамдарды өлтіру әрекетін айыптайды. Бірақ, Иран әлемнің күнәсіз халқын, соның ішінде Йемен халқын өлтіруге қатысты АҚШ пен Батыс елдері екіұшты қатынасын доғаруы тиіс деп санайды",- деді.
Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының мәтіні мен рухын бұзуына тоқталып: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы ешбір жағдайда қайта қарастыруға жатпайды. Иран халқы мен жауапты тұлғалары АҚШ-қа сенбейді",- деп қуаттады.