Солтание: Ядролық келісімнен шығу – Трамптың тарихи қателігі
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Иранның бұрынғы өкілі Әлиреза Солтание АҚШ Президенті Дональд Трамптың ядролық келісімнен шығуының тарихи қателік болатынын қуаттады.
ИРНА-ның мәліметіне сәйкес, Әлиреза Солтание Мадридтегі Ядролық қарусыздандыру халықаралық конференцияның аясында El País газетіне берген сұхбатында: «Ядролық келісімді немесе "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзу туралы уәждер Иран осы келісімді шынайы түрде жүзеге асырған жағдайда айтылып, жаңа санкциялардың салынуымен бетпе-бет келіп отыр»,- деді.
Солтание Иранның ядролық бағдарламасының әрқашан бейбіт мақсатты болғанын қуаттап: "Иранмен ядролық келісімге қатысқан басқа мемлекеттер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаны үшін Трампты оқшаулайды. АҚШ тарихи қателігі, яғни "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаны үшін халықаралық қоғам тарапынан айыпталады",- деп ескертті.