Велаяти: «Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асыруды қадағалау тобы құрылды
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау тобының мүшесі Иранда бүгін сейсенбі күні кешке аталмыш топтың отырыс өткізетінін айтты.
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау тобының мүшесі Али Акбар Велаяти Иранда тілшілерге берген сұхбатта Америка президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадамға» қатысты жуырдағы ұстанымы туралы: «Иран барлық таңдауларға ие. Қарсы тарап не істесе де, сәйкес жауап алатынын білсін. Американың ықтиярын болжауға келмейтін әрі сөзі қисынсыз адамға тапсыру америкалықтардың өздері үшін зиян» деді.
Велаяти Американың Ислам революциясы Сақшылар корпусына санкция салу ықтималдығы туралы: «Америкалықтар Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарсы әрекет жасауға қауқарсыз» деді.