Сирия үкіметі мен халқы бір халықаралық одаққа қарсы тұрды
https://itolqyn.com/news/iran-i31583-Сирия_үкіметі_мен_халқы_бір_халықаралық_одаққа_қарсы_тұрды
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі Сирия халқы мен үкіметінің дүниежүзіне халықаралық зұлым ұйымға қарсы тұруға болатынын көрсеткенін айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 11, 2017 08:58 Asia/Almaty
  • Сирия үкіметі мен халқы бір халықаралық одаққа қарсы тұрды

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі Сирия халқы мен үкіметінің дүниежүзіне халықаралық зұлым ұйымға қарсы тұруға болатынын көрсеткенін айтты.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі  Әли Акбар Велаяти сейсенбі күні Дамасктың Теһрандағы елшісі Аднан Махмудпен кездесуінде АҚШ-тың, сионистік режим мен Арабстанның, ДАИШ лаңкестік-тәкфіршіл топтарының Сирия халқы мен ұлтын жеті апта көлемінде жеңеміз деген ойына тоқталып: "Сирия халқы мен үкіметі, әсіресе осы ел Президенті Башар Асад дұшпандардың қастандықтарына қарсы 6 жыл табанды түрде қарсылық танытты. ИИР-сы Сирия дағдарысында, әсіресе аймақтағы елдердің қарсыластық қозғалысындағы негізгі қолдаушысы екенін көрсете білді",-деп баса айтты.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі дұшпандардың Иракты бөлгісі келетін ескере отырып:  "Дұшпандар аймақта екінші Израиль құрғысы келді, алайда сәтсіздікке ұшырайды",-деді.