АҚШ елшісіне Түркия басшыларымен кездесуге тыйым салынды
Қаз 11, 2017 14:39 Asia/Almaty
Түркия Президенті Анкарадағы АҚШ елшісіне Түркия басшыларымен кездесуге тыйым салынғаны туралы хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Реджеп Тайып Эрдоған сейсенбі күні: "Түркиядағы АҚШ-ның елшісі Джон Басс бұдан былай бұл елдің басшыларымен кездесе алмайды",- деп мәлімдеді.
Сейсенбі күні таңертең Түркиядағы АҚШ елшісі Түркияның Әділет министрі Абдолхамид Гүлмен кездеспек болған. Бірақ ол Джон Басспен кездесуге келмеді.
АҚШ дүйсенбі күні Стамбулдағы АҚШ консулдығының жергілікті қызметкері Матин Топоздың қамауға алынуына реакция білдіріп, Түркияда виза беруді тоқтатты. Анкара үкіметі де Америкаға қатысты сондай шешім қабылдады.
Тегтер