Хошру: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы кез келген әрекет Иранның реакциясымен кезігеді
https://itolqyn.com/news/iran-i31589
БҰҰ-ындағы ИИР-ның өкілі қарсы жақтың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауының Иранның тиісті реакциясымен кезігетінін қуаттады
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 11, 2017 15:03 Asia/Almaty
  • Хошру:

БҰҰ-ындағы ИИР-ның өкілі қарсы жақтың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауының Иранның тиісті реакциясымен кезігетінін қуаттады

БҰҰ-ындағы Иран өкілі Ғұламали Хошру бұл ұйымның қарусыздандыру және халықаралық қауіпсіздік комитетінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының маңыздылығын қуаттаған барлық мемлекеттерге алғыс айтып, оны толық іске асыруды сұрап: "Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің мойындауынша, Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өзінің барлық міндеттемелерін орындады. Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы толық іске асырылғанша өзінің міндеттемелеріне табанды қалады. Бірақ, басқалар да өз міндеттемелерін орындауы керек",- деді.

БҰҰ-ындағы Иран өкілі сонымен бірге Теһранның ядролық қарудан ада Таяу Шығыс аймағын құру  ұсынысына тоқталып, сионистік режимнің арсыз саясаттарын осы мақсатқа жету жолындағы кедергі деп атап, режимнің ядролық қаруды таратпау келісіміне кіруін және Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Израиль режимінің барлық ядролық нысандарын бақылауға алуын сұрады.