"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – Трамп пен АҚШ-тың әлемдегі беделі үшін сынақ
ИИР Президенті Хасан Рухани "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының ядролық келіссөздерге қатысқан барлық елдер мен әлемнің басқа да мемлекеттер үшін шынайы сынақ екенін айтып: "Уәдеге беріктік – әлемнің бір мемлекетке сенуінің басты шарты",-деді.
ИИР Президенті сәрсенбі күні Дональд Трамп үкіметінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жайлы соңғы шешімі жариялануы қарсаңында: "Егер барлық келіссөз жүргізуші тараптар осы келісімге табанды болса, бұл олардың абырой-беделдерін сақтағанын білдіреді. Егер біреу келісімді бұзса, шын мәнінде өзінің абырой-беделіне сызат түсіреді",-деп қуаттады.
Иран мен әлемнің алты алпауыт елі екі жыл бойғы ауыр келіссөздерден кейін 2015 жылы ядролық келісімге қол қойғанда олардың арасында өзара сенім болмады. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындатқан нәрсе халықаралық міндеттемелер аясында келісімгер тараптардың өздері растайтын бір келісімге келуі болды. Ядролық келісім де осылай расталып, тіпті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарымен халықаралық сипатқа ие болды. 2016 жылы қаңтарда "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы заңдық күшке енген күннен бастап бұл бағдарламаның орындалуын кепілдендірген нәрсе қағаз жүзіндегі келісім емес, келіссөз жүргізуші тараптардың шынайы ниеті және бұл бағдарламаның басты шарты алдындағы жауапкершілігі болды. Бір мемлекеттің беделі мен оған сену критерийі оның халықаралық келісімдерге беріктігі болғандықтан, бұл принципке немқұрайды қарау заң бұзушы елді әлем халықтары алдында жауапсыз елге айналдырады.
Бүгінде ядролық келісімнің орындалғанынан бері екі жылға жуық уақыт өткен соң, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы АҚШ үкіметінің беделін сақтайтын, сақтай алмайтынын растайтын жолайрықта тұр. АҚШ Президенті Дональд Трапм үкіметінің барлық белгілері "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы шырағының сенімсіздік бағытында жанып тұрғанын, бұл мәселенің Иран халқы мен әлем елдері үшін АҚШ үкіметіне ешқашан сенім артуға болмайтынын тағы да дәлелдеп отырғанын көрсетеді. Бұл салада Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини сәрсенбі күні: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққан жағдайда әлемдегі басқа елдерге "АҚШ – сенімсіз ел" деген жолдауды жеткізеді. Бұл АҚШ-тың халықаралық беделіне күмән тудырады",-деді.
АҚШ Сенаторы Берни Сандерс те сәрсенбі күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын қайта растап: "Дональд Трамп тарапынан бұл бағдарламаның расталмауы АҚШ-тың оқшаулануына соқтырады",-деді.
Трамп үкіметінің АҚШ-тың ішкі заңдарына сәйкес Иранның ядролық келісімге беріктігі туралы қандай шешім қабылдайтынын және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қандай тағдыр күтіп тұрғанын айтпағанда ИИР өзін барлық таңдау жолдарына дайын санайды. ИИР басшылары "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы қайта келіссөз жүргізбейтінін және Трамп үкіметінің кез келген шешіміне тиісті бағдарламасының бар екенін ашық айтты.
ИИР Президенті Хасан Рухани: "Иран халқы ешқашан АҚШ-қа сенбеген. АҚШ-тың Иранның ұлттық мүдделеріне қарсы қандай шараларды атқарғанын және атқарып жатқанын біледі. Бүгін бұлардың барлығы бір-бірінің жанында айқынырақ көрініп тұр. Иран үкіметі әртүрлі жолдарға ие. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жеңіліске ұшыраса да, Иранның мақсаттары мен мүдделерін ілгерілету жолында ешқандай қиындық туындамайды",-деді.