Лариджани: Иран басшылары Трамптың мәлімдемесіне еш алаңдамайды
(last modified Fri, 13 Oct 2017 12:27:34 GMT )
Қаз 13, 2017 18:27 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран басшылары Трамптың мәлімдемесіне еш  алаңдамайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы: "ИИР басшылары АҚШ Президентінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы мәлімдемесіне еш алаңдамайды",- деді.

Әли Лариджани бейсенбі күні Әлемдік Парламентаралық одақтың 137-ші отырысына қатысу үшін Ресейге аттанар алдында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты еуропалық мемлекеттер мен Қытай және Ресейдің ұстанымдарының Иранның ұстанымына ұқсас екендігіне тоқталып: "АҚШ-ның ұстанымына халықаралық деңгейде  шынайы назар аударылмайды. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты АҚШ-тың дұшпандық ұстанымына қарсы тұру үшін Иран тиісті шараларды ойластырды",- деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының басшысы Әлаеддин Бруджерди: " АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу туралы қоқан-лоққысына қатысты ИИР-ның  реакциясы қатаң  болады,- деді.

ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының  хатшысы Мохсен Резаи: "АҚШ Президенті Дональд Трамп Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы шықса бұл миллиондаған адамның аталмыш корпусқа қосылуы үшін жеткілікті болады",- деп қуаттады.