Иран Трапмтың сөздері мен ИИР-ға қарсы жаңа саясаттарына жауап ретінде мәлімдеме жариялады
https://itolqyn.com/news/iran-i31685
ИИР жұма күні кешке АҚШ президентінің сөздері мен Иран мен "Ортақ қадамға" қарсы жаңа саясаттарына жауап ретінде мәлімдеме жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 14, 2017 15:10 Asia/Almaty
  • Иран Трапмтың сөздері мен ИИР-ға қарсы жаңа саясаттарына жауап ретінде мәлімдеме жариялады

ИИР жұма күні кешке АҚШ президентінің сөздері мен Иран мен "Ортақ қадамға" қарсы жаңа саясаттарына жауап ретінде мәлімдеме жариялады.

ИРНА ақпарат агенттігінің СІМ ақпарат тарату бөліміне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасы АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран мен "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы айтқан сөздеріне реакция білдіріп: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – қайта келіссөз өткізуге немесе өзгертуге келмейтін маңызды халықаралық құжат әрі қазіргі дипломатия саласындағы теңдессіз жетістік саналады.

"Ортақ қадам" бағдарламасы – бір тарап келісімнен шығатын болса, оның күші жойылатын екіжақты келісім емес. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарының бір бөлігі ретінде халықаралық қауымдастық тарапынан расталған құжат саналады. Сол себепті басқа тараптар мен халықаралық қауымдастық АҚШ президентіне бұл келісімді келекеге айналдыруға рұқсат бермеуі тиіс.

"Иран "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығу үдерісін бірінші болып бастамайды. Бірақ, "Ортақ қадам" бағдарламасындағы Иранның құқықтары мен мүдделері сақталмайтын болса, ол өзінің барлық міндеттемелерін орындауды доғарып, ешбір шектеусіз өзінің бейбіт ядролық әрекеттерін жүзеге асыруды бастайды",-деп қуаттады.