Харрази: Трамп Гитлерге ұқсайды
ИИР-ның Халықаралық қатынас стратегиясы кеңесінің төрағасы сенбі күні кешке АҚШ Президенті Дональд Трампты нацистік Германияның диктаторы Адольф Гитлерге ұқсатып: "Мұндай диктатормен күресудің жалғыз жолы – қарсыласу",-деп баса айтты.
Камал Харрази Трамптың жұма күні кешке Иран мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы жауластық сипаттағы сөздеріне тоқталып, Трамптың өзін ұлы санау ауруына шалдыққанын айтып: "АҚШ Президенті әлемде диктаторлық режим қалыптастыруды көздеп отыр",-деді.
Сонымен қатар, Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі АҚШ Президентін қисынсыз әрі пайдакүнемдеп атап: "Дональд Трамп тек саудамен айналысқан",-деп еске салды.
Әли Акбар Велаяти: "Бірнеше мың жылдық өркениетке ие Иран халқы бұрынғыдай шектен тыс талап етушіліктерге қарсы тұрады",-деп қуаттады.
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Ислам революциясының Сақшылар корпусын Иран халқына тиесілі деп атап: "Бұл корпус тек Иран үшін ғана емес, аймақ үшін күш-қуат пен қауіпсіздік сыйлады",-деді.