Али Аскари: Иран жалғанға қарсы ақиқат майданын қолдайды
https://itolqyn.com/news/iran-i31765-Али_Аскари_Иран_жалғанға_қарсы_ақиқат_майданын_қолдайды
Иран Телерадио бірлестігінің басшысы жексенбі күні Сирия премьер-министрі Эмад Хамиспен кездесуінде Иранның әрдайым жалғанға қарсы ақиқат майданына қолдау көрсеткенін баса айтып: "ИИР Сирия үкіметі мен халқына қолдау көрсетеді",- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 16, 2017 15:55 Asia/Almaty
  • Али Аскари: Иран жалғанға қарсы ақиқат майданын қолдайды

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы жексенбі күні Сирия премьер-министрі Эмад Хамиспен кездесуінде Иранның әрдайым жалғанға қарсы ақиқат майданына қолдау көрсеткенін баса айтып: "ИИР Сирия үкіметі мен халқына қолдау көрсетеді",- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Абдулали Али Аскари: "ИИР мен Сирияның жақсы әрі берік байланыстары Ислам революциясы жетекшісінің парасатты жетекшілігінің арқасында ирандық жастардың Сирия халқына қолдау көрсетуге асығып, аймақта теңгерімдерді бұзуына себеп болды",- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің төрағасы аймақта қарсыласу дискурсы етек жайғандықтан, Сириядағы лаңкестердің жеңіліс тапқанын айтып: "Қарсыласу майданы майдандық және ақпараттық сахналарда лаңкестерге қарсы белсенді әрі табысты әрекет етті",- деді.

Сирия премьер-министрі бұл кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықтарды барлық салада, соның ішінде БАҚ саласында кеңейтуді қалайтынын айтып: "Иран мен Сирия бір-бірінің жанында табылып, БАҚ саласындағы берік әріптестіктері арқылы өздерін мәдени басқыншылықтан сақтандыруы тиіс",- деп баса айтты.