Лариджани: Трамптың "Ортақ қадамға" қатысты әдісі – АҚШ-тың жауапсыздығының белгісі
(last modified Mon, 16 Oct 2017 10:07:53 GMT )
Қаз 16, 2017 16:07 Asia/Almaty
  • Лариджани: Трамптың

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "АҚШ президенті не халықаралық келісімдерге берік болмауымен, не БҰҰ құрметтемеуімен, барлық елдерге Вашингтонның ешбір міндеттемеге берік еместігін көрсетті",- деді.

Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Али Лариджани жексенбі күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен Әлемдік Парламентаралық одақтың 137-ші ассамблеясында АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы дұшпандық сөздерін Вашингтонның міндеттеріне берік еместігінің көрінісі деп атап: "АҚШ бірнеше рет Иранның ішкі істеріне, атап айтқанда 1953 жылы Иранның заңды үкіметіне қарсы төңкеріске араласып, Иран Ислам революциясы жеңісінен кейін Иранда төңкеріс жасауға талпыныс жасап, Ирактың БААС режиміне Иранға шабуыл жасау мен 1988 жылы Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағын құлатуға көмектескен болатын. Сондықтан, осындай саяси өткені бар бұл ел президенті бүгінгі таңда Иран халқына жанашырлық танытып жатса, таңғаларлық іс болар еді",- деді.

Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Трамптың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы айып тағуын АҚШ-тың ДАИШ лаңкестік тобынан қорғану мақсатындағы әрекет деп атап: "Сақшылар корпусы халықтық әскери күш саналады. Ол Ирак пен Сирия үкіметтерінің сұрауымен ДАИШ-ты басып-жаныштау үшін сол елдердің халықтарына көмекке келді. Алайда, америкалық басшылар ДАИШ тобын өздері құрғанын мойындаған жағдайда енді Сақшылар корпусын лаңкестікке қолдау көрсетуде деп айыптап отыр",- деді.