Бағери: Иран терроризммен соғыста Сирия үкіметі мен халқының қасында тұр
https://itolqyn.com/news/iran-i31817-Бағери_Иран_терроризммен_соғыста_Сирия_үкіметі_мен_халқының_қасында_тұр
Иран қарулы күштері Бас штабының басшысы Дамаскте Сирия Армиясы мен Қарулы күштері бас штабының басшысымен кездесуде екіжақты байланыстар мен аймақтағы соңғы оқиғалар туралы сөйлесті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 18, 2017 19:32 Asia/Almaty
  • Бағери: Иран терроризммен соғыста Сирия үкіметі мен халқының қасында тұр

Иран қарулы күштері Бас штабының басшысы Дамаскте Сирия Армиясы мен Қарулы күштері бас штабының басшысымен кездесуде екіжақты байланыстар мен аймақтағы соңғы оқиғалар туралы сөйлесті.

Бригада генералы Мохаммад Бағери Дамаскте Сирия Армиясы мен қарулы күштері Бас штабының басшысы генерал Али Аюбпен кездесуден кейін өткен ортақ баспасөз отырысында:  "Иран халқы мен үкіметі өзі санкцияларға душар болып отырғанына қарамастан, терроризммен соғыста Сирия халқы мен үкіметінің қасында тұр" деді.
Бригада генералы Бағери Дамаск сапарының мақсатын Иранның Сирия үкіметі мен халқына лаңкестікпен күресте қолдау көрсететінін жариялау деп атап: "Сионистік режимнің қалаған уақытында әуе мен құрлық арқылы Сирияның көгі мен жеріне шабуыл жасайтыны қабылдауға келмейді. ИИР аймақ елдерінің аумақ тұтастығына құрметпен қарауды принцип санайды. Аймақ елдерінің ұлттық егемендігі мен аумақ тұтастығы кез келген топ немесе азшылықты, егер талап-тілектері болса, оларды заң арқылы өз елдерінің үкіметтерімен сұхбаттасып, тілектеріне қол жеткізуге міндеттейді" деді.