Хошру: АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан сылтау іздеуде
ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілі АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасына қатысты шараларына тоқталып: «Америкалықтар сылтау табуды көздеп отыр»,-деп қуаттады.
ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілі Ғоламәли Хошру АҚШ-тың ұлттық радиосына берген сұхбатында АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларының Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік екенін сан рет мойындағанын, алайда АҚШ Президенті Дональд Трамптың басқаша сөйлейтінін айтып: «АҚШ, әсіресе бұл елдің қазіргі үкіметі сылтау тауып, Иранға қарсы санкция салу туралы қоқан-лоққы жасауды көздейді. Мұндай әрекеттер «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасының мән-мазмұнымен үйлеспейді»,-деді.
ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының қайта талқылауға жатпайтынын айтып: «Ешбір ел ядролық келісімге бір тақырыпты енгізе де, алып тастай да алмайды»,-деп қуаттады.
Хошру, сондай-ақ, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы шараларына тоқталып: «Аймақ пен әлемнің көптеген елдері, тіпті АҚШ-тың өзі Вашингтон үкіметінің Ирак, Сирия мен Йеменде жасап жатқан іс-әрекеттеріне наразы, өйткені бұл үдеріс өте шығынды әрі қатерлі»,-деді.