Амоли Лариджани: Иран зымырандық күш-қуаты туралы келіссөз өткізбейді
Иран Жоғары соты: "ИИР-ның зымырандық күші қорғаныстық мақсатты көздейді. Сондықтан, ол туралы ешбір келіссөз өткізілмейді",- деді.
Аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні сот билігінің жоғары лауазымды қайраткерлерлерінің отырысында АҚШ үкіметінің Иранға қарсы жаңа саясаттарына тоқталып: "Иран Ислам революциясының жеңісінен кейін АҚШ-тың Саддам режимін қолдауы сынды мәселемен кезігіп, көп тәжірибе жинап, өзінің қорғаныстық күш-қуатын арттыруға бар күшін салуда. Еуропаның Иранның қорғаныс істеріне араласуға құқығы жоқ. ИИР-ның қорғаныс істерін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасымен байланыстыру қате іс. Иран оны қабылдамайды. ИИР аймақ халықтарының қолдауына ие. Өйткені, Иран кеңесшілерінің Сирия мен Иракта орналасуы аталмыш елдердің заңды үкіметтерінің шақыруымен жүзеге асуда",- деп баса айтты.