Иран СІМ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылуы туралы жетінші мәлімдемесін тапсырды
Қаз 24, 2017 15:43 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрлігі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылуы туралы үш айда бір тапсыратын мәлімдемесінің жетіншісін Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясына тапсырды.
Иран Сыртқы істер министрлігі өзінің үш айда бір тапсыратын мәлімедеменің жетіншісін кедергілер мен дағдарыстар, санкциялардың күшін жою мен ядролық жұмыстар саласындағы соңғы өзгерістер сынды үш бөлімде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының шілденің 17-інен қазанның 18-іне дейінгі кезеңдегі іске асырылуына қатысты орын алған оқиғаларға тоқталды.
Бұл мәлімдеме бойынша өткен үш айдағы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты ең маңызды өзгеріс АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранның аталмыш келісімге табандылығын растаудан бас тартуы жатады.
"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын іске асыру кезіндегі кедергілер мен дағдарыстарға қатысты бөлімде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болмауы, кейінгі қалдыруы мен бұзуы және Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директорына қысым көрсетуге талпыныс жасауы туралы айтылды.
Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінің ядролық жұмыстар саласындағы соңғы өзгерістер туралы үшінші бөлімінде Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болғанын растағаны, Арак ауыр суы реакторын жаңарту жобасы, Оманға экспорттау мақсатында ауыр су шығару және Иран мен Ресей арасындағы Форду нысанында тұрақты изотоп шығару келісімі туралы баяндалды.
Тегтер