Адам құқығы туралы уәж айтушылардың қолдары аймақ халқының қанына былғанған
https://itolqyn.com/news/iran-i31927
Иранның Жоғары сотының адам құқығы штабының хатшысы: "АҚШ сынды адам құқығы туралы уәж айтушылардың бұл саладағы тарихы ауыр, өйткені олардың қолдары Йемен, Бахрейн, Ирак және Сирия халқының қанына былғанған",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 25, 2017 14:57 Asia/Almaty
  • Адам құқығы туралы уәж айтушылардың қолдары аймақ халқының қанына былғанған

Иранның Жоғары сотының адам құқығы штабының хатшысы: "АҚШ сынды адам құқығы туралы уәж айтушылардың бұл саладағы тарихы ауыр, өйткені олардың қолдары Йемен, Бахрейн, Ирак және Сирия халқының қанына былғанған",- деді.

Иранның Жоғары сотының адам құқығы штабының хатшысы Мұхаммад Джавад Лариджани сейсенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "ИИР-дағы адам құқығының негіздері адамгершілікті қорғайды. Иран халықаралық сахнада  өзінің бұл құқығын қорғайды. Батыс Иранды өздері ластанған нәрселермен айыптайды. Батыстың Иранға қарсы айыптаулары негізсіз. Олар сан рет әшкере болды",- деді. Ол АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын адам құқығын бұзу деп атап: "Санкциялар адам құқықтарын бұзады. АҚШ ұнатпаған елге қарсы халықаралық санкция салады",- деп баса айтты.

Лариджани сонымен бірге "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы "4+1" тобының келісімі емес екенін қуаттап: "АҚШ аталмыш келісімдегі өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда Еуропа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының мағынасын жоғалтатынын білгені жөн",- деп ескертті.

Иран Жоғары сотының адам құқығы штабының хатшысы АҚШ-тың Сақшылар корпусына қарсы санкциялары туралы: "Сақшылар корпусы АҚШ-тың аймақтағы мүдделерін дағдарысқа тіреп, Таяу Шығыстағы, соның ішінде Сирия мен Йемендегі жобаларын сәтсіздікке ұшыратты",- деп қуаттады.