Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Теһранға келеді
Қаз 26, 2017 07:31 Asia/Almaty
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры делегацияны бастап, 28-ші қазанда Теһранға келеді.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Юкия Амано жексенбі күні 29-шы қазанда Иранның Атом Қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехимен кездесіп, пікір алмасады деп жоспарланған. Сондай-ақ, Юкия Амано осы сапарда ИИР Президенті Руханимен және ИИР Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен кездесіп, сұхбаттасады. Осы уақытқа дейін АҚХА ИИР-ның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін сегіз есебінде растады.
Тегтер