Ғасеми: Асеме Джахангирдің баяндамасы саяси, біржақты және заңсыз
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы бейсенбі күні кешке БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңес баяндамашысының жаңа есебін біржақты, заңсыз және дәйексіз деп атады.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми БҰҰ-ның арнайы баяндамашысының әділетсіз қарарға негізделген есептерінің белгілі бір мемлекеттердің саяси әрі теріс мақсаттарды көздеп, біржақты айтылып жатқанын баса айтып: "Кейбір мемлекеттердің саяси және толығымен екіұшты стандарттарға негізделген айла-тәсілдерді пайдалануы адам құқықтары ұғымының әлемдік деңгейдегі орнының әлсіреп, адам құқықтары жөнінде күдікті өткенге ие адам құқықтарын қорғауды талап етушілердің басым бөлігі мен олардың одақтастарының абыройын төгуден басқа еш нәтиже бермейді",- деді.
БҰҰ-ның Ирандағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Асеме Джахангир 2017 жылдың бірінші жартыжылдықтағы есебінде исламдық заңдар бойынша қысас жаза түрі мен есірткі заттарының контрабандашыларына өлім жазасын қолдануды тағы сынға алып, Иранда адам құқықтары бұзылуда деген уәждерін қайталады.