Лариджани: Америкалықтар "Ортақ қадамнан" аттап өтіп, сезімтал мәселелерге енді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Америкалықтар "Ортақ қадамнан" аттап өтіп, Иран үшін өте маңызды мәселелерге енді",- деді.
Али Лариджани жексенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық отырысында «алтылық» тобына мүше елдердің мойындауы бойынша, АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзып жатқанын айтып: "Америкалықтар өзінің қайталама әрекеттері арқылы "Ортақ қадам" келісімін бұзып отыр. Иран "Ортақ қадам" бұзу жағдайларын қарастыру үшін механизмдерге ие. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комиссиясы депутаттарды әртүрлі әрекеттерден хабардар ету үшін Иран СІМ-нің "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыру жолы туралы баяндамасын ұсынды",- деп мәлімдеді.
Америкалықтар өз міндеттемелерін орындамай, Иран мен АҚХА-ның келісімінен тыс және заңсыз талаптарымен "Ортақ қадамды" бірнеше рет бұзып, Иранның әскери базаларын тексеруді талап етті. Алайда бұл мәселе Иранның қатаң реакциясы мен қарсылығына ұшырады.