Адам құқығы мәселесіне қатысты Иранға қарсы есеп – «Мұнафықтар» тобының айыптауларын қайталау
Иранның Жоғарғы соты Амоли Лариджани адам құқығы мәселесіне қатысты арнайы инспектордың есебіне тоқталып: "Бұл есептің мәтіні ескі мәтін әрі революцияға қарсы «Мұнафықтар» тобының мәліметтеріне сүйенген Ислам республикасы жүйесіне қарсы айыптарды қайталау",- деді.
Аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күнгі Жоғарғы сот басшыларының отырысында: "Арнайы инспектордың Ирандағы адам құқығы мәселесіне қатысты есебі тыңшылық жұмыстары үшін айыпталып, сотталған және Иранның жүйесіне қарсы қастандық жасап, адамдарды өлтірген «Мұнафықтар» тобының сөздеріне сүйенген",- деді.
БҰҰ-ның Ирандағы адам құқығы мәселесіне қатысты мәлімет жинайтын арнайы инспекторы Асаме Джаһангир 2017 жылдың бірінші алты айындағы есебінде Ирандағы исламдық қасас заңының қолданылуын сынап, «Иранда адам құқығы бұзылуда» деген уәждерін қайталады.
Амоли Лариджани: «АҚШ пен Еуропаның Ирандағы адам құқығы мәселесін зерттеу үшін арнайы инпектор сайлауы сионистік режим мен Сауд Арабиясы режимінің қылмыстарын азайтпайды. Батыс, әсіресе АҚШ Йемен халқының қырылуы мен саудиялықтардың бұл елді бомбалауына, сонымен бірге Газа халқының қоршауға алынуына қатысты үнсіздік танытып отыр",- деді.