Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сирия үкіметі мен халқына көңіл айтты
Қар 05, 2017 19:27 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми Сирия үкіметі мен халқына және ДАИШ лаңкестік тобының Дейр эз-Зордағы шабуылында қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып:
"ДАИШ лаңкестік тобының адамгершілікке жатпайтын, жабайы әрекеті бұл топтың сәтсіздікке ұшырағанының белгісі. ДАИШ Сирияның қарсыласуы, үкіметі мен халқының бірлігінен жеңілді. Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор облысында бомбамен жабдықталған көлік жарылысының салдарынан кемінде 100 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды",- деді.
Тегтер