Ислам революциясының жетекшісі: Теңіз күштері Иранды қорғау саласында стратегиялық рөлге ие
Иран Ислам революциясының жетекшісі әрі елдің бүкіл қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи армия теңіз күштері қолбасшылары және офицерлерімен кездесуінде теңіз күштерінің маңыздылығына тоқталып: "Теңіз күштері Иранды қорғау үшін алғы шепте орналасып, Макран, Оман теңізі мен халықаралық сулар сынды маңызды аймақтарды өз бақылауына алып отыр. Бұл күштер бұрынғыдай халықаралық суларды өз бақылауында ұстауы керек",- деді.
Ислам революциясының жетекшісі кеше қарашаның 28 – ИИР Армиясы теңіз күштері күні өткізген кездесуінде теңіз күштері күнін бұл күштердің мақтан тұтарлық және олардың жанкештілігін мадақтайтын күн деп атады.
Бұл күні Иранның "Пейкан" әскери кемесінің персоналы "Марварид" атты операцияда Ирактың "Әл-Бакр" және "Әл-Амие" мұнай терминалдарына шабуыл жасап, олардың үштен екі бөлімінен артығын жарып, сол терминалдардың ең биік қондырғысына Иранның туын тіккен болатын. Бүгін теңіз күштері жоғары орында орналасып, қорғаныс қажеттіліктері негіздері бойынша теңіз саласында маңызды шаралар атқарып, алға ілгеріледі. Теңіз жолдарының экономика мен сауда кемелері және танкерлер қатынасын кеңейту саласындағы маңыздылығы теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бірақ әлемдік қажеттілікке қарамастан, Иран өз аймағында көптеген қоқан-лоққылармен кезігіп отыр. Бір ғасырға жақын тәжірибе бөгделердің әрқашан Парсы шығанағында қауіпсіздік орнатуды сылтауратып, аймақты тынышсыздықтар мен дағдарысқа тірегенін көрсетті. Олардың мақсаты геополитикалық маңыздылыққа ие аймақта тұрақты орналасып, аймақтың қауіпсіздігін бөгделерге тәуелді ету, сонымен бірге миллиардтаған долларға қару сатып, аймақтағы базаларын сақтап қалу болып табылады. Қазіргі таңда Иранның теңіз күштері елдің суларын қорғау саласында мықты орынға ие. Сондай-ақ, халықаралық сулардағы міндеттерін де жоғары деңгейде орындауда. Иран армиясы теңіз күштерінің лаңкестікпен күреске қатысуы сенімді тірек ретінде танымал болды.
Иран Армиясы теңіз күштері соңғы жылдары 50-ден астам кемесін халықаралық суларға, атап айтқанда Баб эл-Мандеб бұғазына, Суеэц каналына, Жерорта теңізі мен Пәкістан, Үндістан, Шри-Ланка, Индонезия жағалаулары мен Қытай порты мен Оңтүстік Африкаға аттандырды.
Иранның теңіз күштері Парсы шығанағы мен Оман теңізінен Үнді мұхитына дейінгі кеңістіктің қауіпсіздігін қорғай алатындай және халықаралық сулардың қауіпсіздікті қажет ететін кез келген аймағында орналаса алады. ИИР Армиясы теңіз күштері бұл мақсатымен өзінің орны мен рөлін стратегиялық күштер деңгейіне көтерді. Ислам революциясының жетекшісі армия теңіз күштері қолбасшылары және офицерлерімен кездесуінде айтқандай, "теңіз күштерінің дамуы басталды. Бүгін теңіз күштері 20 жыл бұрынғымен салыстырғанда өте дамып, күшейе түскен. Бірақ, бұл деңгей қанағаттандырарлық деңгейде емес. Барлық салаларда ерік-жігермен, үлкен талпыныс жасап, бастамалар мен серпінді әрекеттер жалғасуы керек».