Зариф сириялық босқындар мәселесіне назар аударудың маңыздылығын қуаттады
Иран Сыртқы істер министрі сириялық босқындар мен Сириядағы адами апатқа назар аударуды сұрады.
ИРНА-ның мәліметінше, Сирия халқына көмек көрсету мәселесіне қатысты халықаралық отырысқа қатысу үшін Ұлыбританияға сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: «Сирияға көмектесу конференциясы бұл елдің дағдарысына қатысты Иранның ұстанымын баяндау үшін мұрсат болып табылады»,- деді.
Ол Сирия халқына көмек көрсету мәселесіне қатысты халықаралық отырыстың аясында оның кейбір қатысушыларымен, сондай-ақ Ұлыбританияның басшыларымен кездесіп, пікір алмасатыны және сол елдің зерттеу ұйымдарына баратынын айтты.
Сирия халқына көмек көрсету мәселесіне қатысты халықаралық отырыс бүгін, бейсенбі күні Лондонда өз жұмысын бастады.
Бұл отырысқа мемлекет басшылары, халықаралық органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен 70-тен астам мемлекеттің акционерлік компаниялары қатысады.