Ливан Хезболласы Бас хатшысының орынбасары аятолла Хашеми Шахрудимен кездесті
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Ливан Хезболласы Бас хатшысының орынбасары шейх Наим Қасеммен кездесіп, АҚШ Президентінің қасиетті Құдсқа қатысты жуырдағы ұстанымын исламның қасиетті құндылықтарына құрметсіздік көрсету деп атады.
Аятолла Махмуд Хашеми Шахруди бейсенбі күні АҚШ Президентінің Құдсты Израиль режимінің астанасы деп жариялауын Палестина халқының құқықтарын бұзуға бағытталған жаңа қастандық деп сипаттап, халықтардың табандылық танытып, мұсылман мемлекеттердің осы қауіпті шараға қарсы ынтымақтастық жасауын сұрады.
Аятолла Хашеми Шахруди, сондай-ақ, қарсыласу майданының Ирак пен Сирияда жеңіске жетіп, ДАИШ лаңкестік тобының жеңіліс табуын Құдайға иман келтіру, халықтардың ішкі күш-қуатына сүйену және аймақтық елдердің әріптестігінің нәтижесі деп атап, ИИР-ның исламның армандарын, қасиетті құндылықтары мен аймақтың жапа шеккен халықтарын қорғауға дайын екенін қуаттады.
Ливан Хезболласы Бас хатшысының орынбасары шейх Наим Қасем де осы кездесуде аймақтық елдердің осы елдегі саяси тыныштық пен тұрақтылықты бұзуға араласуын қарсыласу өзегіне дұшпандардың Сирия мен Ирактағы жоспарларының сәтсіздікке ұшырауының салдары деп атады.