Аятолла Хашеми Шахруди: АҚШ сионизмге сионистердің өздерінен бетер табанды
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы АҚШ президентінің қасиетті Құдс қаласына қарсы әрекеттерін айыптап: «АҚШ сионизмге сионистердің өздерінен бетер табанды» - деп мәлімдеді.
Аятолла Сейед Махмуд Хашеми Шахруди Құдс қаласын өте қасиетті мүбәрак мекен деп атап: «АҚШ президенті Дональд Трамптың Израиль режимінің астанасы ретінде Құдс қаласын ресми мойындаған пасық ісі исламның сенімдерімен қарсыласу болып табылады. Ол осы сұрқия ісімен ислам әлемін арандатып, мұсылмандарды, тіпті мұсылман емес халықты да алаңдатты» - деп баса айтты.
Аятолла Хашеми Шахруди Трамптың соңғы ісінің сионистік болмысына тоқталып: «Бұл әрекет Трамптың әлемдік сионизмді толығымен қолдап, аймақта Израильдің үстемдігін арттыруды, әрі оны заңды етіп көрсетуді мақсат ететінін дәлелдеді» - деді.