Лариджани: Трамп араб және исламдық армандарды сионистік режимнің құрбаны етті
(last modified Mon, 11 Dec 2017 03:56:33 GMT )
Жел 11, 2017 09:56 Asia/Almaty
  • Лариджани: Трамп араб және исламдық армандарды сионистік режимнің құрбаны етті

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы АҚШ Президентінің Құдсты Израиль режимінің астанасы ретінде жариялауын кейбір араб үкіметтері арасындағы келісім негізінде және аталмыш режиммен қарым-қатынасын қалыпқа келтіріп, Палестина мәселесін ұмыттыруды мақсат етті деп сараптады.

Әли Лариджани жексенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық отырысында: "АҚШ аймақ елдерінің кешірімділігіне барлық араб және исламдық армандарды сионистік режимнің аяғының астына тастап жауап қайтарды. Егер исламдық және араб елдері өз есептерін АҚШ пен Израильден бөліп алмаса, өз болмыстарынан айырылып, мұсылмандарды өздеріне қарсы қояды",- деді.

Лариджани сондай-ақ ислам мемлекеттерінің АҚШ-тың арсыз әрекеттеріне қарсы бұл мемлекетпен саяси қарым-қатынастарын тоқтатуы керектігін қуаттады.